Түркияның Қоджаелі провинциясында «Экспо-Астана-2017» таныстырылымы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияның Қоджаелі провинциясында «Экспо-Астана-2017» таныстырылымы өтті

Түркияның Қоджаелі провинциясында «Экспо-Астана-2017» таныстырылымы өтті

Түркияның индустриалды дамыған провинциясы Қоджаеліде (Гебзе қаласы) Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ұйытқы болуымен «Экспо-Астана-2017» халықаралық көрмесінің таныстырылымы өтті.

  • 9 Қаңтар 2014
  • 407
Фото - Caravan.kz

Аталған шара аясында Астананың бұл көрмені өткізуге байланысты дайындығынан хабардар етер фотокөрме мен бейнеролик көрсетілді.

Таныстырылымға Түркияның қызығушылық танытқан мемлекеттік құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ Македонияның мемлекеттік министрі Хади Незир, Иранның индустрия, пайдалы қазбалар және сауда министрі Ахмед Даст Хусейни қатысты.

Шараны ашу барысында Түркиядағы ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Ж.Түймебаев түрік және шетелдік инвесторларды біздің елдің ірі инвестициялық жобаларына, «Экспо-Астана-2017» және «Универсиада-2017» көрмелерінің жұмысына қатысуға шақырды.

Таныстырылым өткен Қоджаелі провинциясы қуатты индустриалды базасымен танымал. Онда мұнай өңдеу, химия, металлургия және кеме құрылысы салаларындағы ірі фабрикалар мен зауыттар бар. Қоджаелі Түркияның автокөлік өндіретін орталығы және индустриалдық дамуы бойынша елде Ыстамбұлдан кейінгі екінші орында келеді.