ҚР мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің бұзылуына жол бергені үшін
Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының басшысы Қайрат Бақбергенге «атқаратын қызметінен босату» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Қазіргі уақытта ол қызметінен босатылды.
Бұйрыққа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Тәртіптік кеңесінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1 шешімі негіз болған.
Бұл туралы ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады