Оңтүстік Қазақстанда көкпарға қатысқан жігітті атып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда көкпарға қатысқан жігітті атып өлтірді

Оңтүстік Қазақстанда көкпарға қатысқан жігітті атып өлтірді

Оңтүстік Қазақстан облысының құқық қорғау органдары көкпарға қатысқан жігіттің қаза болуының себептерін анықтауда.

  • 9 Қаңтар 2014
  • 439
Фото - Caravan.kz

Оқиға 2-қаңтар күні Еңбек селосында болған, деп хабарлады бейсенбіде  Түлкібас ауданы прокуратурасынан.

Ойын аяқталған соң жергілікті тұрғын көкпарға қатысқан 26-жастағы жігітпен ерегесіп қалып, оның атына оқ атқан, ат сол орында өліп кетті, бір аттың алдыңғы тұяғына оқ тиді.

Оқ атқан жігіт ол жерден кетіп қалып, жарты сағатта қайтып келген де,енді шабандозға оқ атқан. Алынған жарақат салдарынан жігіт ауруханаға жетпестен қаза болды, деді прокуратурадан.


Күдікті жігіт екі күннен соң ұсталды, оған адам өлтірді деген айып тағылып отыр.