Қайрат Нұртастың концертінде тәртіпсіздік жасаған үш жігітке сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртастың концертінде тәртіпсіздік жасаған үш жігітке сот үкімі шықты

Қайрат Нұртастың концертінде тәртіпсіздік жасаған үш жігітке сот үкімі шықты

Алматыда бейсенбіде Алатау аудандық соты тамыз айында "Прайм-Плаза" сауда орталығы қасында әнші Қайрат Нұртастың концерті кезінде орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан үш жігітке

  • 9 Қаңтар 2014
  • 311
Фото - Caravan.kz

алты жылдан жалпы режим колониясында отыруға үкім шығарды.

"22-жастағы Сухраб Имиршаев, Елдар Мұсамбаев және Жандос Сәлімов Қазақстан Қылмыстық кодексінің 257 бабы 3-ші тармағы (бұзақылық), 178 бабы 2 тармағы (тонау) және 179 бабы 2 тармағы (қирату) бойынша кінәлі деп танылды", деді бейсенбіде Алатау аудандық сотының қылмыстық істер жөніндегі кеңсесінен.

Олардың айтуынша, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар өз кінәларын мойындамаған. Қорғаушылары үкімнің үстінен арыз бермек.

31 тамыз күні "Прайм Плаза" орталығының аумағында концертке келгендер ол жерді қиратқан. Жастар сахнаға және бір-біріне тас пен пластикалық бөтелке лақтырған, көліктерге зақым келтірілген.


Қалалық денсаулық сақтау департаментінің деректеріне қарағанда, жалпы алғанда 90 адам зардап шеккен, оның сегізі ауруханаға жатқызылған.