Павлодарда электр энергиясы қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда электр энергиясы қымбаттады

Павлодарда электр энергиясы қымбаттады

1 қаңтардан бастап Павлодарда халық үшін электр энергиясы тарифі орташа алғанда

  • 9 Қаңтар 2014
  • 347
Фото - Caravan.kz

7% өсті, деп хабарлады табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің облыстық департаментінің баспасөз қызметінен.

"Департамент "Павлодарэнергосбыт" ЖШС-нің электрмен қамсыздандыру жөніндегі қызметінің ақысын арттыру туралы хабарламасын қарап, оны орташа алғанда 7% арттыруды негізді деп шешті", делінген ақпаратта.

Енді тұтыну көлеміне орай халық үшін минималды тариф кВТ/сағ үшін (қосымша құн салығын қосқанда) 9,24 теңге, максималдысы – 14,85 теңге.

"Тарифті арттырудың басы себептері, биылғы жылдың 1-қаңтарынан бастап электр станцияларының босатылым бағаны көтеруі және энергия таратушы ұйымдардың тарифтерді арттыруы болып отыр. Мәселен, "Павлодарэнерго" АҚ тарифі 7,8% өсті, Екібастұз ГРЭС-2 9,6%. Өткен жылы "KEGOC" тарифі 6,7% артты", делінген онда.