Медведев шенеуніктерге жасалған сыйлықтарды бағалаушы органға тапсыруды міндеттеді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Медведев шенеуніктерге жасалған сыйлықтарды бағалаушы органға тапсыруды міндеттеді

Медведев шенеуніктерге жасалған сыйлықтарды бағалаушы органға тапсыруды міндеттеді

РФ премьері Дмитрий Медведев шенеуніктерді ресми іс-шаралар нәтижесінде алған сыйлықтарын бағалаушы органға тапсыруға міндеттейтін қаулыға қол қойды.

  • 10 Қаңтар 2014
  • 468
Фото - Caravan.kz

РФ Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекеттік қызметкер тиісті органға алған сыйлығы туралы үш күн ішінде хабарлауы тиіс. Содан соң өкілетті мемлекеттік орган қызметкерлері сыйлықтың бағасын анықтайды. Құны 3 мың рубльден аспайтын тарту-таралғылар иесіне қайтарылады. Ал, федералды заңдармен белгіленген осы сомадан қымбат сыйлықтар сатылымға шығарылмақ.

Сонымен қатар, шенеунік қымбат сыйлықты мемлекеттен сатып алуға құқылы. Оған екі ай мұрсат беріледі.