Дакар раллиде спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетуде - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дакар раллиде спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетуде

Дакар раллиде спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетуде

Әйгілі Дакар раллидің 4-ші кезеңінде қазақстандық командалардың мерейі үстем болды. Қарсыластарын оза шапқан «Astana Motorsports»-тың жүк көлігі мәреге төртінші жетіп, жалпы есепте үздік бестік қатарына қосылды.

  • 11 Қаңтар 2014
  • 193
Фото - Caravan.kz


Оқ бойы озып шыққан Артур Ардавичустің көлігі. Қазақстандық көк түсті «Татра»-ны көкжиектен байқаған жанкүйерлер оны қошеметпен қарсы алып, жүргізушісіне құттықтауларды қарша боратты. Бұл кезеңде де автошабандоздардың көбі мәреге жете алмай, жарты жолда қалып қойған. Күннің қызуынан бірталайы есінен таңып, жарысты тоқтатуға мәжбүр. Ал жеңіл көлікті тізгіндеген қалған екі экипажымыз әзірге 20-шы және 41-ші орында.