Мыңдаған оқушы жылуы жоқ мектепте білім алуға мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мыңдаған оқушы жылуы жоқ мектепте білім алуға мәжбүр

Мыңдаған оқушы жылуы жоқ мектепте білім алуға мәжбүр

Астанада саршұнақ аязда бүтіндей бір мектеп жылусыз қалды. Кезінде білім ошағын тұрғызуға  бюджеттен 1 млрд бөлінген. Алайда қаржы  жылу қазандығын салуға жетпей қалыпты. Енді оның зардабын мыңнан астам оқушы тартып отыр. Ұл-қыз сабақ үстінде бүрсең қағып сыртқы киіммен отыруға мәжбүр. Балаларының денсаулығына алаңдаған ата-аналар бүгін білім ордасына келіп шу шығарды.

  • 11 Қаңтар 2014
  • 291
Фото - Caravan.kz

Қазір суық қой мектеп.

— Жоқ енді суық болғанда, жасалады

-Қашан жасалады?

— Қазандықтағы суды сорғызып жатырмыз.

Осылайша ата-аналар «мектеп суық» деп директорға дүрсе қоя берді. Алайда басшы бар кінәні білім ошағын тұрғызған құрылысшыларға жаба салды.

Жәкенбай Шәріпхан, мектеп директоры:

— Жұмыстарды толық аяқтамаған, әсіресе, мынау терезелерді жылылау, ең негізгі мәселе, котельныйдан жылу дұрыс тартылмаған.

Мектепке жылу жақын маңдағы құрылысы аяқталмай қалған балабақша қазандығынан беріліп отыр. Бірақ оның қысымы аз. Соңғы 3 жылдан бері балалар осылай қара суықта сабақ оқуға мәжбүр.

Бақыт Махметова, Астана қаласының тұрғыны:

— Мен жібергім келмейді, балаларымды мектепке. Өйткені, 1 ай барады, 1 ай ауырады, кіріңіздер өздеріңіз көресіздер.

Мектеп ішін толық аралауға мүмкіндік болмады. Тілшілерді ғимарат ішіне кіргізгісі келмеген директор бар ашуын дәлізде жүрген ұл-қыздан алды. Сынып ішінде сырт киіммен отырған оқушыларды күртешелерін шештіріп тастаған. Ал директордың «құпиясын» балалар айтып салды.


Қатты тоңып қалдым.

—  Күртешемен отырамыз.

Астанадағы Көктал кентінде орналасқан бұл №68 мектептің саршұнақ аязда тоңып отырғанын шенеуніктер жақсы біледі. Бірақ құрылысқа деп бюджеттен бөлінген 1 млрд теңгенің қалайша жылу қазандығына жетпей қалғаны түсініксіз. Тек оны тексеріп жатқан ешкім жоқ.