Телефон арқылы белгілі тұлғалар туралы библиографиялық мәліметтерді біліп, шығармалардың авторларын, танымал кейіпкерлердің қандай романдарда, пьесалар мен новеллаларда кездесетінін, т.б. білуге болады.
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Кітапханаға енгізілген жаңашылдықтардың тағы бірі — анықтамалық қызмет көрсету орталығы. Кітапхана ғимаратында осы орталықтың мамандары кітапхананың барлық секторлары бойынша кеңес береді. Кітапхана абонементті есептемегенде жеті мамандандырылған оқу залынан тұрады. Бұған дейін әрбір бөлімше өзінің блогы бойынша ғана ақпарат беретін.
Бүгінде Павлодар облыстық кітапхана қорында 550 мың басылым болса, электронды каталогтың өзінде 800 мың кітап пен мақала бар. Кітапхана қоры жылына орта есеппен 12-15 мың жаңа баспамен толығып отырады.