Беларусь және Қазақстанмен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасын мақұлдауды тапсырды. Бұл туралы ресейлік министрлер кабинетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«2014 жылдың 17 сәуіріне дейін Ресейдің Сыртқы істер министрі (С.В.Лавров) мен Ресейдің Экономикалық даму министріне (А.В.Улюкаевке) Беларусь және Қазақстан Республикасымен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасын мақұлдауды және аталған келісімшартты бекіту жөніндегі федералды заң жобасын әзірлеуді тапсырамын», — делінген тапсырмада.
СІМ мен Экономикалық даму министрлігі аталған тапсырманың нәтижесі және Ресей президентіне жасайтын тиісті баяндама жобаларын РФ үкіметіне жеткізуге міндетті, деп атап өтілген РФ үкіметі баспасөз қызметінің хабарламасында.