Қазақстанда 1,7 мыңнан астам учаскелік полиция қызметкері тапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 1,7 мыңнан астам учаскелік полиция қызметкері тапшы

Қазақстанда 1,7 мыңнан астам учаскелік полиция қызметкері тапшы

 Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қазақстанда учаскелік полицейлердің атқаратын жұмысы көп,

  • 13 Қаңтар 2014
  • 275
Фото - Caravan.kz

олардың штатын ұлғайтып, жаңа учаскелік қосындар ашу керек екенін айтады.

«Бүгінгі таңда учаскелік полицейлердің жүктемесі көп, учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілерінің саны қалыпты мөлшерге әкелінген жоқ», — деп министр бүгін Астанада мәжілістегі үкімет сағатында атап көрсетті.

Қ.Қасымовтың мәліметі бойынша, тағы қосымша 1 мың 740 учаскелік инспектор мен оларға 3 мың 752 көмекші қажет.

Сонымен қатар, министр қосымша 419 учаскелік полиция қосынын ашу және 1 мың 162 учаскелік полиция қосынын жөндеуден өткізу қажеттігін айтады. Мұнымен қоса, инспекторларға 1 мың 713 қызметтік көлік пен 1 мың 750 байланыс құралы қажет, 2 мың 381 учаскелік инспекторға баспана қежет.