Оралда танымал кәсіпкер Виталий Каркуланы атып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда танымал кәсіпкер Виталий Каркуланы атып кетті

Оралда танымал кәсіпкер Виталий Каркуланы атып кетті

Бүгін түнде Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданында кәсіпкер Виталий Каркуланың үйіне

  • 13 Қаңтар 2014
  • 311
Фото - Caravan.kz


қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл туралы жергілікті mgorod.kz басылымы хабарлады.

Шабуыл кезінде белгісіз біреулер В.Каркуланың басынан оқ атып кетті. Сонымен қатар оның зайыбы — облыстық мәслихаттың Зеленов ауданы атынан сайланған депутат Валентина Каркула да зардап шеккен. Ауыр жарақаттармен жеткізілген мәслихат депутаты ес-түссіз жатыр. Ауылдастарының айтуынша, қарақшылар үйден бағалы заттар мен ақшаны алып кеткен. Әкімдік сайты жазуынша, кәсіпкер Каркула ауданда ең алғашқылардың бірі болып ауыл шаруашылық қожалығын құрып, облыс бойынша ең табысты кәсіпкерлердің бірі атанған. Қазіргі таңда шаруашылық иелігінде 14 мыңнан астам гектар жер, 1400 бас ірі қара бар. Шаруашылықта 350-ден астам адам еңбек етеді.