ақырғы кезеңге аяқ басты және 2014 жылы аяқталуы мүмкін. Бұл туралы дүйсенбі күні ОКҚ-де өткен брифингте Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.
«Біз көп жылдардан бері белсенді түрде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қазір ақырғы, қорытынды сатысындамыз. Ұйымға кіру үшін төрт келіссөз трегінен өту керек. Бұл: тауарлар, қызмет түрлері, ауыл шаруашылығы және жүйелік мәселелер туралы екіжақты келіссөздер. Қазіргі таңда тауарлар, қызмет түрлері, ауыл шаруашылығы мен жүйелік мәселелер жөніндегі келіссөздер аяқталуға таяп қалды. Енді Қазақстанның ДСҰ-на кірген кезде тарифті және жергілікті өнімдерді үйлестіру сынды екі мәселе қалды. Олар да аяқталуға жақын», — деп қосты вице-министр.