2013 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 6 пайызға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2013 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 6 пайызға өсті

2013 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 6 пайызға өсті

2013 жыл қорытындысы бойынша Қазақстанның ІЖӨ 6 пайызға өсті.

  • 13 Қаңтар 2014
  • 264
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы президентпен кездесуде премьер-министр Серік Ахметов мәлім етті.

Үкімет басшысының айтуына қарағанда, былтыр негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6,5%, құрылыс көлемі – 3%, жалпы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі – 11,6% өскен. Жұмыссыздық деңгейі 5,2%-ды, инфляция 4,8%-ды құрады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, С.Ахметов индустрияландыру бағдарламасының келесі сатысын әзірлеу жайлы баяндап берді. Құжатта негізінен экономиканың негізгі салаларын әртараптандырып, кластерлерді дамытуға және технологиялар мен инновацияларды трансферттеуге ерекше ден қойылмақ.

«Мемлекет басшысы 2050 стратегиясын жүзеге асырудың нақты жолдарын әзірлеудің, сондай-ақ, төңірегіндегі өндірістік инфрақұрылымдарды кеңейте отырып Қашаған, Қарашығанақ сынды ірі жобаларды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев энергетиканы дамытуға және маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жіті мән беру керектгін айтты. Сонымен қатар, мемлекет басшысы азаматтардың әл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамту және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үкіметтің маңызды міндеттері екенін қадап айтты», — делінген хабарламада.