Ішімдіктен асыра сілтеп жіберген азамат қыза келе достарымен бәстесіп қалған. Сосын екі үйдің арасына тартылған электр сымы арқылы арғы бетке өтуге тырысыпты. Бірақ биікке шығып алып, берекесі қашқан жігіт, айғайлап көпшілікті көмекке шақырған. Оқиға орнына жеткен құтқару тобы 25 жастағы жігітті автосатымен төменге түсіріп алды.