Алматы базарларының 2,5 гектар жері мемлекетке қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы базарларының 2,5 гектар жері мемлекетке қайтарылды

Алматы базарларының 2,5 гектар жері мемлекетке қайтарылды

Алматыда заңсыз пайдаланылып келген 2,5 гектар жер жылжымайтын мүлік мемлекеттік қорына қайтарылды.

  • 14 Қаңтар 2014
  • 277
Фото - Caravan.kz


Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасының хабарламасына сәйкес, Рысқұлов көшесінен Д.Қонаев атындағы су арнасына дейінгі аумақты тексеру барысында Жетісу ауданында — 11, ал Алатау ауданында 12 базардың жұмыс істеп жатқаны анықталды.
Сот шешімінің негізінде «Ұлыгер», «Жаркент» және «Аягөз» базарлары сүріп тасталды. «Арал» базарының да бір бөлігі бұзылды. «Ақжар» базарында да сүру жұмыстары басталды. Базар жетекшілері мен жеке кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Оларға қаланың алты базарынан орындар ұсынылды. Оған 370 адам жайғасып үлгерді.