Өскеменде жол апатынан 5 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде жол апатынан 5 адам зардап шекті

Өскеменде жол апатынан 5 адам зардап шекті

Өскеменнің орталығында 2 автокөліктің қақтығысуынан 5 адам, яғни 2 көліктің жүргізушілері мен ВАЗ-21103 көлігіндегі 3 жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды өңірдегі меншікті тілшіміз.

  • 14 Қаңтар 2014
  • 336
Фото - Caravan.kz


«Мерседес» машинасының жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, алдына келіп қалған көлікке соғылған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.
Полицияда атап өткендей, 2013 жылы тіркелген 456 жол-көлік оқиғасының 113-і жүргізушілердің жолдың қарсы бетіне шығу салдарынан орын алған. Кез-келген көлік қақтығысулары, әдетте, адамдардың ауыр жарақат алуына, тіпті, өлімге әкеліп соғуы мүмкін.