Бірқатар облыстарда жалға берілетін және несиелік тұрғын үй құрылысы кешіктірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірқатар облыстарда жалға берілетін және несиелік тұрғын үй құрылысы кешіктірілуде

Бірқатар облыстарда жалға берілетін және несиелік тұрғын үй құрылысы кешіктірілуде

2013 жылы 6,8 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды.

  • 14 Қаңтар 2014
  • 273
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов мәлім етті.

«Біз бүгін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асырудың өткен жылғы нәтижесін қараймыз. Жыл қорытындысы бойынша 6,8 млн. шаршы метр тұрғын үй салынған. Бұл 2012 жылғы көрсеткіштен жоғары»,-деп тоқталды Үкімет басшысы.

С. Ахметовтің сөзіне қарағанда, дегенмен былтыр кейбір өңірлерде құрылысқа бөлінген бюджет қаражаты игерілмей қалып отыр. «Ал бірқатар облыстарда жалға берілетін және несиелік тұрғын үй құрылысы кешіктірілуде»,-деп атап өтті Премьер-Министр.