Бұл туралы Иран парламентінің қауіпсіздік және шетел істері жөніндегі комитеті төрағасы Алаэддин Боруджерди мәлім етті.
«Соңғы алты айда жаңа буын центрифугаларын зерттеу мақсатында пайдалану жайы «алтылық» пен Иран арасындағы келіссөздерде ең маңызды даулы мәселеге айналған болатын», — деді А.Боруджерди жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарыне берген сұхбатында.
«Ақырында «алтылық» Иран центрифугаларды зерттеу мақсатында пайдаланған жағдайда мұның Женева келісіміне қайшы келмейтінін мойындады», — деді депутат.
Өткен жексенбіде Иран мен халықаралық «алтылық» өкілдері былтырғы жылдың 24-қарашасында Женевада қол қойылған аралық келісім қаңтардың жиырмасынан бастап іске асырыла бастайтынын жариялаған болатын.
Келісімге сәйкес, Иран алты ай ішінде атом саласындағы бірқатар бағдарламаларын уақытша тоқтатуды өз мойнына алды. Ал, АҚШ пен Еуроодақ Тегеранға қарсы бір жақты негізде қолданылған санкцияларды жартылай жоюға уәде берді.