Бұл туралы премьер-министр Серік Ахметов мәлім етті.
«Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша салынатын бала-бақша, тұрғын үй сынды нысандардың типтік жобасы жобалау сатысынан бастап отандық өнімге негізделуі тиіс. Ал, оның сапасы бөлек әңгіме. Тауардың сапасын өзіміздің тауар өндірушілерден сұраймыз. Оған Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жауап береді», — деді С.Ахметов үкіметтің сейсенбідегі отырысында.
Үкімет басшысы аталған министрлікті отандық өнімдердің ішкі нарықта сатылуын қамтамасыз ету бағытында атқарып жатқан жұмыстарын жеткіліксіз деп бағалады.
«Біз құрылыс материалдарын өндіретін жобаларды жасап жатырмыз. Ал, оларды кім қорғайды, кім алға жылжытып, қазақстан нарығына шығарады? Жалпы, біз не туралы айтып отырмыз? Экспортқа шығаруды ма? Біз ел ішінде өз ксіпорындарымызды қорғай алмай, олардың өнімдерін жылжыта алмай отырмыз! Сондықтан олар сол өнімді экспорттауға мәжбүр болуда», — деді С.Ахметов Индустрия және Аймақтық даму министрлеріне.
«Қытайдан, Түркиядан, әйтеуір, қайдан болса да шетелден әкелеміз! Жеделдетілген индустриялды-инновациялық бағдарламаның біріншісін ақырына дейін жеткізе алмай отырып, екінші сатысы туралы айтамыз», — деді премьер-министр.