Премьер-министр Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкін тағы да сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министр Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкін тағы да сынға алды

Премьер-министр Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкін тағы да сынға алды

Премьер-министр Серік Ахметов Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкін тағы да сынға алды.

  • 14 Қаңтар 2014
  • 268
Фото - Caravan.kz

Оның ойынша, банктің мемлекеттік «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары тиімсіз жүргізіліп жатыр.

«Сіздер облыстардың жартысында банк желісі бойынша баспана беру жоспарын 100 пайыз, ал, тең жартысы 75 пайызға орындаған немесе мүлдем орындамайды. Әлде, сіздер үшін Қазақстанда таңдаулы облыстар бар ма?! Неге Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстары жоспарды толық орындап отыр? Біртұтас жүйелі себеп болса мұны түсінуге болар еді! Қалған аймақтар ше? Әлде, ол жақтарда үй алғысы келетіндер жоқ па?!», — деді С.Ахметов сейсенбідегі үкімет отырысында банк төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы есебін тыңдағаннан кейін.

Өз кезегінде А.Жұмағұлов «баспанаға деген сұраныстың барлық облыстарда ұсыныстан екі есе артып отырғанын» атап өтті.

«Банктің өкілеттігіне келер болсақ, біз құрылыс барысына ықпал ете алмаймыз. Біз жобаларды қаржыландыру мәселесіне жауап береміз және ол міндетімізді орындап отырмыз. Ал, құрылыс мәселесі жергілікті атқару органдары жауап береді. Сондықтан мен бұл мәселе үшін жауап бере алмаймын», — деді банк басшысы.

«Онда неге қаржыны игеріп жатқан аймақтарға ақшаны көбірек бөлмейсіздер, бұған құқыңыз бар ғой?! Маған құлақ салыңызшы, бір облыстың барлық жұмысты тап-тұйнақтай етіп атқарып, екінші облыстың ештеңе істемеуі мүмкін емес! Олай болмайды! Ендеше, банк, сіздердің сол аймақтардағы филиалдарыңыз дұрыс жұмыс істемейді деген сөз! Ол жақта қаншама адам отыр?! Маңғыстаудағы, Жамбылдағы филиалдарда неше адам жұмыс істейді?! Яғни, солар жұмыс істемейді! Сіз де салғырттық танытып отырсыз! (…) Сіз жұмысқа жақында ғана орналастыңыз, сізді құтқаратын себеп тек сол ғана», — деді премьер.


Үкімет басшысы банк желісі бойынша тұрғын үй салынбаған аймақтардағы филиалдарды жабу қажеттігін баса айтты.

А.Жұмағұлов банктің басқарма төрағасы қызметіне былтыр қазан айында тағайындалған болатын.