Еурокомиссия "қайыршылар миграциясына" тосқауыл қоймақ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еурокомиссия "қайыршылар миграциясына" тосқауыл қоймақ

Еурокомиссия "қайыршылар миграциясына" тосқауыл қоймақ

Еуропалық комиссия ұсынған басшылық-нұсқауда ЕО елдерінен шыққан жұмыссыз мигранттардың әлеуметтік ақша алуға құқы барлары айқындалмақ, деп хабарлады Deutsche Welle.

  • 14 Қаңтар 2014
  • 375
Фото - Caravan.kz

Еуроодақ елдерінен шыққан мигранттардың ЕО басқа елдерінде тұру және онда әлеуметтік ақша алу құқықтары жұмыс іздеуде жеткен нәтижелеріне байланысты болмақ, деп мәлімдеді Еурокомиссияның жұмыспен қамту, әлеуметтік мәселелер және әлеуметтік интеграция саясаты жөніндегі өкілетті қызметкері Ласло Андор.

Ол Брюсселде жаңа басшылық-нұсқау ұсынды, онда жұмыссыз мигранттардың әлеуметтік ақша алуға құқы барлары айқындалмақ.

Әдетте жұмыс таппай ,өзін қаржылық жағынан қамсыздандыра алмайтын еуропалық мигранттардың ЕО басқа елінде тұру құқы бес жылмен шектелген. Алайда, Л.Андордың айтуынша, мигранттың белгілі бір елде алты айдан соң онда тұрып қалуға автоматты түрде құқық алатын ережесі жоқ. Еурокомиссардың пікірінше, алты ай мигранттың жұмыс таба алатындығын белгілеуге мүмкіндік беретін жеткілікті мерзім.

1-қаңтардан бастап Болгария және Румыния азаматтарының ЕО аясында тұру және жұмыс орнын еркін таңдау құқына ие болулары Еуроодақтың бірқатар елдерінде пікір талас туғызған. Жаңа басшылық Еурокомиссияның "қайыршылар миграциясы" туралы қызу пікірталасқа берген жауабы іспетті. Саясаткерлер соның нәтижесінде Германияға және ЕО басқа бай елдеріне білікті мамандар емес, тек әлеуметтік жәрдемақы алуға қызыққан адамдар ағыла бастайды, деп қауіптенуде.