Н.Назарбаев Катар әмірімен кездесед - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев Катар әмірімен кездесед

Н.Назарбаев Катар әмірімен кездесед

Катар әмірі Қазақстанға сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

  • 15 Қаңтар 2014
  • 401
Фото - Caravan.kz


Оның атап өтуінше, 19-20 қаңтарда Катар мемлекетінің әмірі Тамим бен Хамад Әл-Тани ресми сапармен Астанаға келеді. Бұл әмірдің 2013 жылы таққа отырғаннан кейінгі Қазақстан Республикасына, жалпы шетелдерге алғашқы сапарларының бірі болып саналады.
«Сапар аясында Катар әмірінің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі көзделген. Тараптар саяси-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту жолдарын талқылап, сапар қорытындысы бойынша бірқатар маңызды құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр»,- деді ол.