«Бішкек мэрі болуға кандидат Қ.Құлматовты 41 депутат қолдады», деп мэриядағылар мәлімдеді.
Барлығы 45 бюллетень басып шығарылды. Дауыс беруге 43 депутат қатысты. Екі бюллетень жарамсыз деп танылды.
Қ.Құлматовтың кандидатурасын Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы, Атамекен, Замандаш партияларының фракциясы кіретін коалиция ұсынды.
2011-13 жылдары ол мемлекеттік кеден комитетінің басшысы болды, содан кейін Шу облысы үкіметінің уәкілетті өкілі болды. 2014 жылы қаңтар айында Бішкек мэрі қызметіне ұсынылды.