"Еуразиялық интеграция үрдісіндей емес, кәсіпкерлік қоғамдастық Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуіне қатысты ешқандай ақпаратқа принципиалды түрде қол жеткізе алмады. Біз бірнеше рет үкіметке де өтініш жасадық, алайда қалыптасқан дәстүрге орай болу керек, ДСҰ бизнес-қауымдастықтар мен кәсіпкерлік жоқ, сол себепті біз үшін ДСҰ енудің плюстері мен минустері туралы айту толық дәрежеде мүмкін болмай отыр", деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының мүшесі Рахым Ошақбаев сәрсенбіде президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, ДСҰ енуге қатысты түсіп жатқан аздаған мәліметтер алаңдаушылық туғызып отыр. "Мәселен, бір пікірге орай, ДСҰ енген соң бес жылдан асқан көліктердің импорт мөлшерлемесі 8 есеге төмендейді, бұл бізде енді жандана бастаған автомобиль өнеркәсібінің мүддесіне қайшы, өйткені жаңа көліктер ұсталған импорт көліктермен бәсекеге түсе алмайды. Қазақстанда ұсталған көліктер тағы көбейіп кетуі ықтимал", деді ол.
Өткен дүйсенбіде экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықовтың мәлімдеуінше, Қазақстанның ДСҰ ену келіссөздері аяқталуға таяу және 2014 жылы бітуі ықтимал.