Қараша айы ішінде Қазақстан халқының саны 20,7 мың адамға көбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қараша айы ішінде Қазақстан халқының саны 20,7 мың адамға көбейді

Қараша айы ішінде Қазақстан халқының саны 20,7 мың адамға көбейді

Қараша айы ішінде Қазақстан халқының саны 20,7 мың адамға көбейіп, 2013 жылдың 1-желтоқсанына қарағанда 17 млн 145 мың 700 адамды құрады, деп хабарлады статистика жөніндегі мемлекеттік агенттіктен.

  • 15 Қаңтар 2014
  • 525
Фото - Caravan.kz

Оның деректеріне қарағанда, қараша айында Қазақстанның табиғи өсімі 23,6 мың адам болды, 2013 жылдың қаңтар-қараша айларында тұтас алғанда – 236 мың 464 адам (2012 жылдың осы мерзімдегісі — 222 мың 958 адам).

Елдегі демографиялық жағдайға қатысты басқа сипаттамалар бойынша уақытша көрсеткіштер мынадай: бала туу – 36,3 мың адам және 363 мың 145 (354 мың 617), адам өлімі – 12,7 мың адам және 126 мың 681 (131мың 659).

2013 жылы қаңтар-қарашада Қазақстаннан эммиграцияланғаны 22 мың 618 адам ( өткен жылы сол мерзімдегісі 27 мың 977), елге иммиграцияланғаны – 22 мың 124 адам (26 мың 530).


Демек, деп атап өтеді статистиктер, 2013 жылы қаңтар-қарашада республикада миграцияның теріс сальдосы 494 адамды құрады.