Жерлестеріміздің бірі — Диас Қадырбаевтың адвокаттары бұл шешіммен келіссе, Азамат Тәжияқовтың ата-анасы мұндай ұзақ үзіліске үзілді-кесілді қарсы. Айта өтейік, отандастарымызға ағайынды лаңкестер Царнаевтарға қол ұшын созды деген айып тағылуда. Бостон марафонындағы сол жарылыста 4 адам қаза тауып, 200-ден астамы жараланған болатын. Азаматтың кінәсіздігіне сенімді адвокаттары істі енді созбалаңға салуға негіз жоқ деп, сотқа сақадай сай екенін айтып отыр.
Әмір Исмағұлов, Азамат Тәжияқовтың әкесі:
-Біз оған қарсымыз. Ертең Азаматтың адвокаттары сотта өздерінің графигін береді. Ол график бойынша алқа отырысының соты шілдеде болуы керек, 2014-ші жылдың. Ол 1-2 апта болып, содан кейін ол бітуі керек.