Осыған байланысты шенеуніктер қауіпті аймаққа бармауға кеңес беріп отыр. Ал көптен жоспарлап қойған демалысын бұзғысы келмейтіндер сақтық шараларын күшейткені абзал. Базарлар мен су қоймаларындағы құстардан аулақ жүріп, көшедегі кез-келген дәмханадан тамақтанбағаны жөн. Соңғы мәліметтерге қарағанда Қытайда құс тұмауын жұқтырғандар саны қазір 150-ден асқан. Оның үстіне вирус мутацияға ұшырағандықтан дәрігерлер оның жаңа штаммдарын тіркеуде.