Якуттар теңге дизайнерлерін плагиат жасаған деп айыптады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Якуттар теңге дизайнерлерін плагиат жасаған деп айыптады

Якуттар теңге дизайнерлерін плагиат жасаған деп айыптады

Теңге дизайнерлері плагиаттықпен айналысқан! Тәуелсіздік күні қарсаңында шығарылған жаңа валютадан якуттар өздерінің елтаңбасының негізгі белгісін тауып, осылай шу шығаруда.

  • 16 Қаңтар 2014
  • 300
Фото - Caravan.kz


Мың теңгелік мына жаңа банкнотта Күлтегін ескерткішінің суреті мен түркі дәуірі жауынгерлерінің бейнесі бедерленген. Якут тарихшыларының наразылығын туғызған да осы суреттердің арасындағы ту ұстаған атты сарбаздың бейнесі. Тура осындай белгі Саха Республикасының елтаңбасында да бар. Енді қазақтар мемлекеттік рәмізімізді көшірді деп даулауда. Айта кетсек, желтоқсан айында ғана басылған мың теңге 10 миллион данамен шыққан еді. Дизайнын жасауға қанша қаржының жұмсалғаны белгісіз. Ал ақыры айналымға түспей қалған 20 мың теңгелік банкноттың кескенін жасауға 2 жарым млрд теңге жұмсалған болатын.