Көлігімен адам қағып өлтірген прокурор қызметінен қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлігімен адам қағып өлтірген прокурор қызметінен қуылды

Көлігімен адам қағып өлтірген прокурор қызметінен қуылды

Зейнеткерді көлігімен қағып өлтірген құқық қорғау органының лауазымды шендісі  қызметінен қуылды. Жылдамдық қуған жүргізуші Мақсат Шыңғысовты бүгін Астана қаласының прокуроры жұмыстан босатқан.

  • 16 Қаңтар 2014
  • 257
Фото - Caravan.kz


Тіпті ведомствада ауқымды тексеру басталыпты. Айта кетсек, 24 жастағы Астанадағы аудандық прокурордың көмекшісі Мақсат Шыңғысов жаңа жылдың алғашқы күнінде қарияны көлігімен қағып өлтірген. Зардап шегушіге көмек көрсетудің орнына қашып кетті. Ал 70 жастағы Жақсылық Ақпанов ауыр жарақаттан ауруханада көз жұмды. Прокуратура қызметкерін полиция ұстап абақтыға тоғытқан. Кейін қолхатпен бостандыққа қоя беріпті. Ал арқа сүйер азаматынан айрылған отбасы, қылмыстық іс жабылып тынуы мүмкін дейді. Себебі марқұмға «жолды белгіленбеген жерден өтті» деп кінә артыла бастаған. Одан қалды тергеу материалдарында, бірде-бір куәгердің аты жоқ.