Апелляциялық сот Б. Рысқалиевтың ҰҚТ мүшелері адвокаттарының шағымын кері қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Апелляциялық сот Б. Рысқалиевтың ҰҚТ мүшелері адвокаттарының шағымын кері қайтарды

Апелляциялық сот Б. Рысқалиевтың ҰҚТ мүшелері адвокаттарының шағымын кері қайтарды

Атырауда апелляциялық сот Бергей Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының жалпы облыстық сот корпусына сенімсіздік білдірген және сот үдерісін басқа өңірге ауыстыруды талап еткен адвокаттардың шағымдарын кері қайтарды.

  • 16 Қаңтар 2014
  • 250
Фото - Caravan.kz


Өз шағымдарында адвокаттар судьялардың күдіктілермен тығыз қарым-қатынаста болғанын және олардан пәтер алғанын айтқан.
Бірінші сот отырысы, бұған дейін хабарланғандай, 23 қаңтар күні сағат таңғы 10-да басталады. Негізгі сот төрелігін жүргізетін судья болып Атырау облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Гүлмира Дәулетова тағайындалды.