Қырғызстан азаматтарын тонады деген күдікпен үш тұрғын құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан азаматтарын тонады деген күдікпен үш тұрғын құрықталды

Қырғызстан азаматтарын тонады деген күдікпен үш тұрғын құрықталды

Қостанай облысында Қырғызстан азаматтарын соққыға жығып, тонады деген күдікпен жергілікті үш тұрғын құрықталды.

  • 16 Қаңтар 2014
  • 296
Фото - Caravan.kz


«Олар Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тас жолында Қырғызстанның үш азаматы мінген көлікті тоқтатып, жолмен жүргені үшін 200 доллар талап еткен», — деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, Ресейге бара жатқан шетел азаматтары артық ақшасының жоқтығын айтып ақталып бағады. Содан соң күдіктілер оларды ангарға апарып соққыға жығып, заттары мен ақшасын тартып алған көрінеді.