20 грамнан астам спиртті ішімдік ішкен орта жастағы ер адамның есте сақтау қабілеті нашарлай бастайды. Американдық неврологтар академиясының журналы осындай мәліметтер жариялады.
«Біз орта жастағы адамдарға зерттеу жүргіздік. Ол алкогольді шектен тыс пайдаланған ер адамдардың танымдық функцияларының тоқырауға ұшырайтынын дәлелдеп берді», — дейді зерттеу авторы Северин Сабии.
Зерттеуге 56 жас шамасындағы 5 мыңнан астам еркек қатысқан.