Путин: Сочидегі Олимпиадада ешқандай кемсітушілік болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин: Сочидегі Олимпиадада ешқандай кемсітушілік болмайды

Путин: Сочидегі Олимпиадада ешқандай кемсітушілік болмайды

Ресей Президенті Владимир Путин Сочиде қысқы ойындар қандай да бір белгі бойынша кемсітусіз Олимпиадалық хартияға сәйкес өтетінін мәлімдеді.

  • 16 Қаңтар 2014
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Біз әлемнің 85 елінен алты мыңнан астам спортшы мен жүз мыңдаған жанкүйер келеді деп күтеміз. Бұл тек біздің еліміздің азаматтары үшін ғана емес, әлемдегі барша спорт сүйер қауым үшін үлкен мереке болуы үшін барымызды саламыз», — деп В.Путин Кремльде шет мемлекеттердің елшілеріне сенім грамоталарын табыстау салтанатында мәлімдеді.

В.Путин атап өткендей, Олимпиадалық қозғалыс тарихында Ойынға қатысушылар Ресейге тек аккредитация негізінде визасыз келу мүмкіндігіне ие болады.


В.Путин ойындар қандай да бір белгі бойныша кемсітусіз Олимпиадалых хартияға сәйкес өтетінін айтады.