North Caspian Operating Company (NCOC, Қашаған кенішін игеруші оператор) экологиялық айыппұл салмақ. Бұл туралы Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.
Санкция, айыппұлға келсек, келісімнің өзінде жазылған санкциялар мен айыппұлдар болады. Бұл ең алдымен мұнайдың сыртқа төгіліп, қышқыл газды жаққанға байланысты экологияны бұзғаны үшін салынатын айыппұлға байланысты болады. Бұл Экология министрлігінің құзырында. Мердігермен бірнеше рет кездесу болды.
Министр ай соңында айыппұл мөлшері белгілі болатынын айтады.