Іздеушісі жоқ кемтар қарттарды бұл екеуі интернаттардан алған. «Ағайын туысымын» деп алдаған, кей жерлерде тіпті ақшасын төлеген. Сөйтіп мүгедектерді ел кездіріп, алақан жайдыруға мәжбүрлепті. Енді былықтары түгел әшкереленіп, адам сатқан екеуі де айыпты деп танылды. Бірақ соған қарамастан жеңіл жазамен құтылып отыр. Сот 25 жастағы азаматты шартты жазамен босатты. Ал адам саудасын ұйымдастырды деген басты айыпталушы 46 жастағы Зухра Мудурдың ұлы кәмелетке толмағандықтан, ол тек бес жылдан кейін ғана жалпы тәртіптегі колонияда үш жыл жазасын өтейтін болды.