Әлемдегі ең қымбат қала анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдегі ең қымбат қала анықталды

Әлемдегі ең қымбат қала анықталды

Expatistan сайтындағы жыл сайынғы рейтингте Лондон әлемдегі ең қымбат қала болып танылды. Соңғы зерттеулердің нәтижелері бойынша Лондон Нью-Йорк пен Сиднейді басып озған.

  • 17 Қаңтар 2014
  • 590
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы www.segodnya.ua сайты хабарлады.

Ұлыбритания астанасы бірқатар көрсеткіштер бойынша, атап айтқанда: тұрғын үй жалдау, бензин, электр тауарлары, киноға билет және бір шыныаяқ капучино құны бойынша басқа қалалардан алда келеді.

Нақтырақ айтсақ, Лондонда алаңы 85 шаршы метр пәтерді жалға алу 2 600 фунт стрелингті (шамамен 3 632 еуро) құрайды, Римде мұндай пәтерлер 1 644 еуро, Нью-Йоркте — 975 еуро, ал жаңазеландиялық Веллингтонда — 1 144 еуро шамасында. Сондай-ақ, Британ астанасында бір шыныаяқ кофенің құны Италия астанасындағы бағаға қарағанда, шамамен 60 пайызға қымбат тұрады. Expatistan рейтингінің тізімінде қымбат деп танылған Осло, Женева, Цюрих қалалары бар.