Алматы облысында 2013 жылы 400 көлік ұрланды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында 2013 жылы 400 көлік ұрланды

Алматы облысында 2013 жылы 400 көлік ұрланды

Алматы облысында өткен жылы көлік құралдарының ұрлануының 400 фактісі тіркелген,

  • 17 Қаңтар 2014
  • 287
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Жұмада баспасөз қызметінен таралған ақпаратқа қарағанда, полиция 348 көлікті тауып, заңды иелеріне қайтарып берген.

"Шұғыл-іздеу шаралары барысында 278 күдікті адам 185 және 175 баптар бойынша жауапқа тартылған. Ұсталған тұлғалар ішінде 7 жас келіншек бар, олар да жауапқа тартылды", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінен атап өткендей, өткен жылы облыста әсіресе ең көп ұрланғаны "Мазда" маркілі көлік екен — 70 факті және "Ваз" — 37 факті.


2014 жылдың басынан бері Алматы облысының полиция қызметкерлері ұрланған 12 көліктің онын тауып, заңды иелеріне қайтарып үлгерген.