Астанада кәсіпкерлер саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада кәсіпкерлер саны артты

Астанада кәсіпкерлер саны артты

Елордада 2014 жылғы 1 қаңтар жағдайында нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 55 435 құрады.

  • 17 Қаңтар 2014
  • 220
Фото - Caravan.kz

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 6,9% ұлғайды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен хабарлады. 

«Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6,9% артып, 55 435 құрады, соның ішінде 6 823 заңды тұлға, 48 607 жеке тұлға, 5 шаруа қожалығы», — делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, 2014 жылғы 1 қаңтар жағдайында нарықта шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс істейтіндердің саны 11,6% өсіп, 189 299 адамды құрады.


2013 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығаратын өнім көлемі 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,4% ұлғайып, 1 185 779 млн. теңге болды.