"Инвестициялар тартып, озық технологиялар енгізілген жағдайда ғана ауыл шаруашылық жерлерінің жалға берілуі бәсекелестікті арттыра түспек, тіпті жерді жалға шетелдік компаниялар алып, жерді пайдаланудың озық үлгілерін көрсетсін, одан қорықпауымыз керек", деді ол Астанада жұмада халыққа арнаған жолдауында.
"Ауыл шаруашылық саласында бизнесті дамытуға бөгет жасайтын барлық кедергілерді жою керек. Болашақ аграрлық сектордағы шағын және орта бизнес үлгісіндегі жаңа қайта өңдеуші кәсіпорындардікі болмақ. Біз оларға несие беріп қолдау жасауымыз керек", деді елбасы.