қызметкерлеріне арналған әлеуметтік пакетті қайта қарауды тапсырды, бұл түптеп келгенде осы санаттағы қызметкерлердің жалақысы көлемінің арттырылуын қамтамасыз етуге тиіс.
"Үкіметке 2015 жылдың 1-шілдесінен азаматтық қызметшілерге ақы төлеудің жаңа моделін енгізуді тапсырамын", деді Н.Назарбаев жұмада Астанада жолдауында.
"Дағдарыс жылдарына қарамастан зейнетақыны, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын 2-3 есеге арттырдық, бірақ азаматтық қызметшілердің жалақысы ескерілмепті, соны сәйкестендіру керек", деді ол.
Президенттің айтуынша, осы жұмыс нәтижесінде денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы 28%, білім беру саласында 29%, халықты әлеуметтік қорғау саласында 40% дейін арттырылуы қамтамасыз етілуге тиіс.