Мемлекет орта техникалық білім алуға кепілдік беруі тиіс - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет орта техникалық білім алуға кепілдік беруі тиіс - Назарбаев

Мемлекет орта техникалық білім алуға кепілдік беруі тиіс - Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет жас қазақстандықтарға орта техникалық білім алуға кепілдік беруі тиіс деп есептейді.

  • 17 Қаңтар 2014
  • 475
Фото - Caravan.kz

«Таяудағы екі-үш жылда техникалық кәсіби білім берудің ұлттық жүйесінің өзегін қалыптастыру қажет. Келешекте жастарға мемлекет кепілдендірген орта техникалық білім беруге көшуді қарастыру қажет. Үкіметке биыл 1 маусымға дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын», — деп президент бүгін Астанада халыққа арнаған жолдауында атап көрсетті.

Сонымен қатар, президент үкіметке ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын арттыруды қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.

"2020 жылға қарай елімізде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен жүз пайыз қамту жоспарлануда. Біз осымен жұмыс істеп жатырмыз. Оларды қазіргі заманға сай бағдарлама, оқыту әдістерін, білікті кадрлармен қамтамасыз ету маңызды", — дейді Н.Назарбаев.