30 немере мен 56 шөбереден қайыр көрмеген қария үй-күйсіз қаңғып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
30 немере мен 56 шөбереден қайыр көрмеген қария  үй-күйсіз қаңғып жүр

30 немере мен 56 шөбереден қайыр көрмеген қария үй-күйсіз қаңғып жүр

Ал Солтүстік Қазақстан облысында 30немере, 56 шөбереден қайыр көрмеген қария әркімнің босағасын жағалап күн кешуде. 109 жастағы кейуананың әлі күнге тұрақты баспанасы жоқ. Маура Әзербаева мүгедек ұлы мен келіні үшеуі қораға бергісіз үйлерін тастап, қазір ағайын-туыстың үйіне кезектесіп түнеп жүр. Облыстың ең кәрі тұрғынына шенеуніктердің де көлеңкесі түсер емес.

  • 18 Қаңтар 2014
  • 429
Фото - Caravan.kz

-Ойбай, не көрмеді дейсің, көргенімді итке берсін…

Алдағы айдың басында Маура Әзербаева тура 109-ға толғалы отыр.  Қария әлі күнге дейін үйдің ұсақ-түйек шаруасын өзі істей береді. Осы жасқа жетуін де еңбектің арқасы дейді. Кейуана әсіресе, соғыс жылдарындағы азабын ұмытпаған.

Маура Әзербаева:

-Ойбой, соғыстың уақытында бәрін де істедім колхоздың, бәрін де, сиыр да бақтым бұзау да бақтым, істемегенім жоқ.

Қазір мүгедек ұлы, ауру келінімен бірге аудан орталығынан 70 шақырым жердегі ауылда тұрып жатыр. Азынаған ескі үйде от жағып, су тасуға шамалары келмей, қария амалсыз немерелерінің үйін жағалап кеткен. 

-Ауданның ең қарт тұрғыны Маура Әзербева қазір немере қызымен мына үйде тұрып жатыр. Бұған дейін оған екі студент шөбересі қарайласып  келген екен. Бірақ олар да бүгін ертең қаладағы оқуларына оралмақшы. Сондықтан қарияның ұлы бүгін анасын өзге немересіне алып кетпекші.

Маура әжейдің алты баласы, отыз немересі, 56 шөбересі бар. Бірақ осынша үрім-бұтақ бір қарияны паналатуға құлықсыз.

Қоқан Сейтақов, ұлы:

-Шөпшектің қолынан дәм ішсе, о дүниеде жұмаққа барады деген ата-бабамыздың сөзі бар. Бірақ о дүниеде барса баратын шығар, қазіргі жағдайда баратын жері жоқ. 

Маура Әзербева пәтер кезегіне де 61-ші болып тұрған екен. Бірақ оның жылжитын түрі жоқ. Аудан орталығында баспана құрылысы қарқынмен жүргізіліп жатса да, қарияға біреуі бұйырмай тұр.    


Ақторғай Сейтақова, келіні:

Әкімнің орынбасары өзінің сіңлісіне үй алып берді, інісіне үй алып берді. Әйелі жоқ бір айрылып, бір қосылып жүр. Енді немере інісінің қызы былтыр тұрмысқа шыққан, соған осы жуырда үй берді. Енді соларға бергенде мына кісінің еңбегі  жоқ па?

Барлық туыстарын пәтерге жарытты деген сол әкімнің орынбасары ғасыр жасаған қарияның кезегіне келгенде күмілжіп қалды.

Алтыншаш Тайшабаева, Ғ.Мүсірепов ауданы әкімінің орынбасары:   

-Биыл 50 пәтерлік үй берілейін деп жатыр. Ол кісіге тие ме, тимей ме  деп мен айта алмаймын. Жыл жаңа ғана басталып жатыр. Оның өзінің беретін шешімі болады ғой. Заң бойынша, заңнан ешкім аттай алмайды ғой. Қазір оны айта алмаймыз.

Қария тұрған кезек биыл он адамға ғана жылжыпты. Егер осы қарқын қала берсе, ол өзінің 115 жылдық мерейтойында ғана баспаналы болуы мүмкін.