Дәрігерлер жабылып жүріп Ақмаралды кірген есігінен қайта шығарып жіберді. Көз жасы көл болған ана әзірге ауруханада жатқан бүлдіршіндерін көре алмайды. Себебі, оларды өзі туғанын дәлелдейтін құжаттары жоқ. Балалардың көшеден табылғанына 2 апта өтсе де, тиісті құжаттарын әлі рәсімдемепті. Айта кетсек келініне ерегіскен енесі өзіне сеніп тапсырылған балғындарды көшеден "тауып алдым" деп байбалам салған. Сөйтіп келіншекті дүйім елдің алдында қарабет қылған-ды. Ал әбден жүйкесі жұқарған Ақмарал қанша шу шығарса да бөбектерімен кездесуге дәрігерлер ақыры рұқсат берген жоқ. Сондықтан 2 жасар Мирас пен 8 айлық Кәусар аналарымен тек терезе арқылы тілдесті.
Ақмарал Жарылқасынова, балалардың анасы:
—Құшақтайыншы, апай, көрейінші.Өтінем сізден
Ғазиза Қожабекова, педиатр:
— Кіруге болмайды, ауруханада карантин. Инфекция алып кірсе қайтеміз?Одан кейін нақты анасы екенін растайтын ешқандай құжаттары жоқ, төлқұжаты, одан кейін акт керек. Оның бәрін әкелсе балаларын береміз.