«Интерфакс-Украина» агенттігі тілшісінің хабарлауынша, наразы топ «Молотов коктейлі» деп аталатын жанғыш сұйықтықтарды лақтырып жатыр. Кейбір тәртіп сақшыларының киімдеріне де от тиген.
Грушевский көшесіне өтетін жолды жауып тұрған техника толығымен өртеніп жатыр.
Жан-жақтан тас атқылаушылар да күшейіп тұр. Өртті ауыздықтауға су себетін машиналар жұмылдырылған.