Қазақстан мен Израиль әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім бекітпек - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Израиль әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім бекітпек

Қазақстан мен Израиль әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім бекітпек

Дүйсенбі күні Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Израильге табан тіреді.

  • 20 Қаңтар 2014
  • 307
Фото - Caravan.kz

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында Ә.Жақсыбеков израильдік әріптесі Моше Яалонмен кездеседі. Кездесуде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланбақ.

«Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Израиль әскери-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қояды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазақстандық министр Израиль президенті Шимон Переспен кездесуді жоспарлап отыр.


Сондай-ақ, қазақстандық делегация Израильдегі жетекші қорғаныс кәсіпорындарына атбасын тірейді.