2013 жылы Қазақстанда қылмыс деңгейі 25,1% өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2013 жылы Қазақстанда қылмыс деңгейі 25,1% өсті

2013 жылы Қазақстанда қылмыс деңгейі 25,1% өсті

2013 жылы Қазақстанда 359 мың 844 қылмыс тіркелді, бұл 2012 жылға қарағанда 25,1% көп, деп хабарлады республика бас прокуратурасының құқықтық статистика жөніндегі комитетінің баспасөз қызметінен.

  • 20 Қаңтар 2014
  • 649
Фото - Caravan.kz

Аталған мерзімде әдейі ойластырылып жасалған 1120 қылмыс тіркелген, денсаулыққа ауыр залал келтірілген 1780 жағдай тіркелген.

Сонымен қатар, комитеттің деректеріне қарағанда, 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жасалған бүкіл қылмыстардың 77,9% меншікке қарсы бағытталған: 210 мың 204 ұрлық, 18 мың 832 тонау, 1361 шабуыл жасау.

Тұтас алғанда, республикада 2013 жылы тергелген қылмыстар бойынша келтірілген материалдық залалдың сомасы 304 млрд 273 млн теңгені құраған.


Комитеттен хабарлағандай, 2013 жылы тіркелген 3269 қылмыс есірткіге байланысты, бұл 2012 жылға қарағанда 7,9% аз.