"Медеу" мұзайдынында қазақстандықтар рекорд жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Медеу" мұзайдынында қазақстандықтар рекорд жасады

"Медеу" мұзайдынында қазақстандықтар рекорд жасады

 Қазақстандықтар «Конькимен жаппай сырғанау сабағы» санатында Гиннес рекордтар кітабына енді.

  • 20 Қаңтар 2014
  • 552
Фото - Caravan.kz

Рекорд Алматы маңындағы «Медеу» спорт кешені мұз айдынында соғылды.

«Біз 500 адам жинап, конькимен бір уақытта жаппай сырғанаудан рекорд жасадық. Бәрі бірдей әдемі шықты. Рекордты Гиннес рекордтар кітабының өкілі тіркеді. Сонымен қатар, ол бізге рекорд туралы сертификат табыс етті»- деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін «Универсиада Алматы – 2017» атқару дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Рекорд 18 қаңтарда орындалды. Акция Алматыда өтетін Универсиада-2017 шеңберінде жүргізілді.