Қарағанды облысында отын-энергетикалық компаниясының қойма бастығын атып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында отын-энергетикалық компаниясының қойма бастығын атып кетті

Қарағанды облысында отын-энергетикалық компаниясының қойма бастығын атып кетті

Қарағанды облысында «Қазақстан» ЖШС Астана» отын-энергетикалық компаниясы қоймасының бастығын өлтіріп кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстың ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жантай Сембеков.

  • 20 Қаңтар 2014
  • 445
Фото - Caravan.kz

"Кісі өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір тергеу жүргізілуде", — деді ол.

Қайғылы оқиға Шет ауданында өткен түні орын алған. Полицейлер ізін суытпай күдіктіні қолға түсірді. Ол депо кезекшісі 37 жасар ер кісі болып шықты.

Болған оқиғаның мән-жайын полиция хабарламай отыр.

Кісі өліміне дау-жанжал себеп болғанға ұқсайды. Қойма бастығы мен депо кезекшісі жанжалдасып қалып, артынша күдікті машинасынан қаруын алып, қарсыласын жон арқадан атқан. Оқ тиген жәбірленуші 29 жасар ер кісі ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды.