ҰҚКҰ және ШЫҰ құрылымдары терроризм мен экстремизмге қарсы күресті жандандыруға келісті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚКҰ және ШЫҰ құрылымдары терроризм мен экстремизмге қарсы күресті жандандыруға келісті

ҰҚКҰ және ШЫҰ құрылымдары терроризм мен экстремизмге қарсы күресті жандандыруға келісті

ҰҚКҰ бас хатшысы Николай Бордюжа дүйсенбіде Шанхай ынтымақтастық ұйымы Аймақтық терроризмге қарсы күрес құрылымының Атқарушы комитетінің директоры Чжан Синьфэнмен (ҚХР) кездесті.

  • 20 Қаңтар 2014
  • 389
Фото - Caravan.kz

"Кездесу Мәскеуде ҰҚКҰ Хатшылығының штаб-пәтерінде болды. Тараптар бірлесіп жауапты болып отырған аумақтардағы жағдай бойынша көзқарастарын білдіріп, халықаралық терроризм, экстремизм, есірткінің, қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес салаларында және де интернет желісін қылмыс жасау мақсатында пайдалануға қарсы күресте өз ара ықпалдастықты одан әрі жандандыруға келісті", деп хабарлады дүйсенбіде "Интерфакске" ҰҚКҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов.

Оның айтуынша, ҰҚКҰ бас хатшысы ҰҚКҰ мен ШЫҰ үшін міндеттердің біркелкі екендігін атап өтті, өйткені төрт ел –Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан біруақытта екі ұйымның құрамына мүше болып отыр.

Н.Бордюжа атап өткендей, ҰҚКҰ мен ШЫҰ ортақ проблемаларды шешу үшін күштерін біріктірулері шарт. Бұл әсіресе Ауғанстандағы жағдайға байланысты. "Ислам экстремистерінің көбейіп келе жатқан қарулы құрылымдары біздің мемлекеттерімізге қауіп туғызады, деп алаңдаудамыз", деді Н.Бордюжа.


Осы орайда "ҰҚКҰ мүше мемлекеттерде террористік және экстремистік деп танылған ұйымдардың тізбесінің жаңа жобасын қарау ұсынылды.